СҚО-ға жұмыс сапарымен Өнеркәсіп және құрылыс министрі келді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында жаңа «Бірлік» шағын ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан үйлердің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Құрылыс «Kaspi», «Kazakhmys» және «Kazminerals management» басқарушы компанияларының қаражатына жүргізілуде. Жаңа «Бірлік» шағын ауданында 200-ге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Министр 1 қазанға дейін 700 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланғанын хабарлады.

Облыс орталығында Министр «Қопай» шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Қазіргі таңда, 29 көпқабатты үй салынып жатыр. Сонымен қатар, Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен «Кожевенный» шағын ауданындағы механикаландырылған жасақтардың жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.

Облыста 70 механикалық бригада жұмылдырылып, 250 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде және 88 үйде жұмыстар аяқталды. Министр Қызылжар ауданының Бескөл ауылында 5 қабатты 50 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысын тексерді.

Қанат Шарлапаев қалпына келтіру жұмыстарын жүргізудің тиімділігі мен сапасын атап өтті. Жұмыстар инфрақұрылымды тез қалпына келтіріп, тұрғындарды жаңа баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жалғасуда.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz