Петропавлдықтардың «Қызылжар су» кәсіпорнына қарызы 34 млн. теңгеден асып отыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл тұрғындарының сумен қамту компаниясына қарызы 34 млн. теңгеден асты. Оның шамамен 20 млн теңгесі өткен жылдардың берешегі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Қызылжар су» ЖШС-нің қала тұрғындары арасында 95 259 абоненті бар. Сондай-ақ облыс орталығындағы барлық 3790 кәсіпорын осы компанияның қызметіне жүгінеді. Мамандардың айтуынша, халық айына 4931 мың м3 су тұтынады, бұл барлық көлемнің 75%, қалғаны заңды тұлғаларға тиесілі.

Алайда, олардың арасында тұтынған суы үшін коммуналдық ақыны төлемейтіндер де бар. Мәселен, бір петропавлдық отбасының қордаланған қарызы 322 мың теңгеден асқан. Бұл үш жылда жиналған берешек.

— Былтыр осы уақытта тұрғындар 30 млн. теңге берешек болса, биыл ол сома 34 млн. теңгеден асты. Қарызды қайтарғызу үшін алдымен ескертеміз. Берешегі барларға автоматты түрде телефон соғылады. Нәтиже болмаса, құжаттарды жинап, сотқа береміз. Былтыр 9,5 млн. теңге берешегі бар 452 абонентті сотқа бердік, соның 5,6 млн. теңгесі өндіріліп алынды. Биыл 4,5 млн. теңге қарыз бойынша 225 адамның ісі бойынша сот шешімі шықты. Бүгінде 3,2 млн. теңге шамасында қайтарылды», — дейді «Қызылжар су» ЖШС-нің сату және су-техникалық бақылау қызметінің басшысы Болат Салахутдинов.

Маманның айтуынша, соттың шешімі бойынша берешегі бар пәтерге кәріздік бітеуіш те салынады. Биыл 37 тұтынушыға қызметті пайдалануға осындай шектеу қойылған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz