Полицейлер жазғы лагердегі балалармен кездесті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері «Достық» сауықтыру лагерінде демалып жатқан балалармен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Криминалист, патрульдік полиция батальонының инспекторлары және ювеналдық полиция бөлімінің бастығы жолдарда көліктердің қарқынды қозғалысы барысында, электрсамокаттары мен велосипедтерде жүру кезінде, су айдындарында ересектердің қарауынсыз шомылған уақытта басты қағидаларды сақтамау жаз айларында балалардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғаларға алып келуі туралы сөз сөйледі. Кездесудің мақсаты – балаларға осы жайлы айту, ықтимал қауіптерден сақтау, құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілікті түсіндіру.

Полиция қызметіне қызығушылық білдіргендер дауыс зорайтқыш құрылғымен, бейнекамералармен және жарқылдауық маяктармен жабдықталған патрульдік автокөлікке отырып көруге мүмкіндік алды. Ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы Жанат Мұстафина да балалармен әңгімелесті. Ол жасөспірімдерге сағат 23.00-ден кейін заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жүрген жағдайда көзделген жауапкершілік туралы айтты.

Петропавл қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, балаларға арналған сауықтыру лагерлерінде полиция қызметкерлері мұндай кездесулерді жылдағы дәстүрге сай өткізіп тұрады. Келешекте ұлдар мен қыздардың полиция қызметкері болып, халық пен мемлекеттің игілігі үшін қызмет етуі мүмкін. Сондықтан кездесулер алдын алу сипатында ғана емес, кәсіптік бағдар беру үшін де өткізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz