Өткен жылы облыста 274 заңсыз қоқыс орны анықталды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда олардың саны 42-ге өсті. Десе де, барлығы жойылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО экология департаментінің мәліметінше, заңсыз қоқыс алаңдары «Қазақстан ғарыш сапары ҰК» АҚ-ның көмегімен анықталды.
– Биыл арнайы құрылған мобильдік топтармен өңір аумағында 82 заңсыз қоқыс орны белгілі болды. Оның 28-і жойылды. 6-уы Петропавлда, 37-сі Қызылжар ауданында, 14-і Аққайың ауданында, 3-уі Есіл ауданында, 19-ы Мамалют ауданында және 3-уі Айыртау ауданында анықталды, – деді СҚО экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Жаслан Садуев.
СҚО аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға арналған 452 орын қарастырылған. Оның тек 352-інде ғана жер учаскелері заңдастырылған актілер бар. Сондай-ақ 11 қоқыс полигонының рұқсат құжаттары бар.