Петропавлда облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиында бір тәртіптік іс қаралды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Отырыста Есіл ауданы Волошинка ауылдық округінің әкімі Виталий Кочергинге қатысты тәртіптік іс қаралды. Өткен жылдың қазан айында Волошинка ауылына жергілікті әкімдігі жеткізушімен 10 бейнебақылау камераны орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасасты. Оның сомасы шамамен 2 млн. теңгені құрады. Алайда қондырғылар белгіленген мерзімде орнатылмады. Тексеру кезінде олар ауылдық округ әкімдігінің қойма үй-жайында сақталғаны анықталды.
Виталий Кочергиннің айтуынша, камераларды орната білетін маман табалмағандықтан және әкімнің отбасылық жағдайларына байланысты қондырғылар уақытылы орнатылмаған. Жиында Әдеп кеңесі мүшелері Виталий Кочергинге тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.