Петропавлдағы жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, бір адам қаза тапты. Қызыл жалынды ауыздықтауға 3 техника мен 10 өртсөндіруші жұмылдырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
СҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға шілденің 25-сі күні Батыр Баян, 223 мекенжайында орын алды.
– Тілсіз жау жеке тұрғын үйдің 15 шаршы метрін шарпыды. Құтқарушылар төтенше жағдай орын алған жерді 1963 жылы туған ер адамның мүрдесін тапты, — делінген баспасөз қызметінің мәліметінде.