БЖЗҚ-да 260 мыңдай қайтыс болған салымшының 27,8 млрд. теңге жинағы сақтаулы тұр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қайтыс болған салымшылардың мұрагерлік рәсімделмеген шоттары туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— Әлеуметтік кодекстің ережелерінде БЖЗҚ-дан, оның ішінде алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтарын төлеуді (жерлеуге және (немесе) мұрагерлерге) жүзеге асыру үшін негіздердің толық тізбесі айқындалған. Сәйкесінше, зейнетақы жинақтарының сомаларын алушы немесе оның мұрагері (мұрагерлері) осы соманы талап еткенге дейін ол БЖЗҚ есебінде болады, — деп жазады қор мамандары.

Төменде БЖЗҚ есебінде тұрған, мұрагерлік ресімделмеген жеке зейнетақы шоттарының саны мен онда сомалар туралы мәлімет (01.01.2024 ж. жағдай бойынша) ұсынылған:

Ер салымшылар – 186,8 мың, жеке зейнетақы шоттардағы жалпы сома – 21 млрд 567 млн теңге.
Әйел салымшылар – 72,8 мың, ЖЗШ-дағы жалпы сома – 6 млрд 209 млн теңге.
Барлығы: 259,6 мың ЖЗШ-да 27 млрд 776 млн теңге жатыр.

— Жоғарыдағы кестеден көріп отырғаныңыздай, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған салымшылардың ақшалары «артылып» қалмайды және ешқайда жұмсалмайды. Жинақтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес олардың меншігі болып табылады және мұраға қалдырылады, — деп жазылған қордың жауабында.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz