Әлеуметтік желіде Айыртау ауданында бір топ адам 19 жастағы қызды зорлағаны туралы ақпарат тарады. СҚО ПД аталған мәліметке сараптама жүргізетінін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Egov.press Telegram арнасының мәліметінше, зорланған қыз полицияға арыз жазды. СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратқа түсініктеме берді.
– Осы факті бойынша ҚР ҚК 120-бабының 1-бөлігіндегі «Зорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады, — деп хабарлады полиция.