Күзет қызметі пен полиция мамандары арасындағы байланыс жемісін беруде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да жеке күзет құрылымдары қызметкерлерімен 11 ұрлық пен құқық бұзушылықтардың жолы кесілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы Құрманғали Ысмағұловтың төрағалық етуімен осы жылдың 6 айында күзет қызметі субъектілерімен өзара іс-қимыл барысында атқарылған жұмыстар қорытындыланды.

СҚО полиция департаментінің күзет қызметін бақылау бөлімінде күзет қызметімен айналысатын 100-ден астам субъекті есепте тұр. Жеке ұйымдардағы күзетшілерінің саны – 2 мыңға жуық. Олар 4400-ден астам нысанды күзетеді. Сондай-ақ орталықтандырылған бақылау пультіне 850 пәтер қосылған. Ішкі істер органдары күзет қызметі субъектілерінің 599 күзетшісін қоғамдық тәртіпті сақтауға жұмылдырады. Биыл олар қылмысты ашудың 8 фактісіне қатысып, 58 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. 104 адам ұсталып, полицияға жеткізілді, сондай-ақ күзетілетін объектілерде 11 ұрлық пен құқық бұзушылықтың жасалуының алдын алды.

Жиында экстремизмге қарсы іс-қимыл, жергілікті полиция қызметі басқармалары бастықтарының міндетін атқарушы қызметкерлер баяндама жасады. Олар адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жұмыстардың негізгі талаптары мен бағыттарына тоқталды. Жұмыс кездесуінің соңында Құрманғали Ысмағұлов білім беру объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен шараларды жүйелі, бірлесіп іске асыруды нығайту қажет екенін және осы жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz