Солтүстік Қазақстан облысында шекаралық бөлімшелер салынуда

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық әкімдікте аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен шекара бөлімшелерінің құрылысына қатысты жиын өтті. Селекторлық кеңеске ҚР көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Қазір облыстағы 6 ауданда орналасқан 12 шекара бөлімшесінің құрылысы жүріп жатыр. Жобалар «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы аясында жүзеге асуда. Құрылысқа тапсырыс беруші – Автомобиль жолдары комитеті, жұмысты екі мердігер жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, нысандардың құрылысы 2022 жылдың қыркүйегінде басталған. Қазір әрбір нысан бойынша айтарлықтай кешігу байқалады. Жиын қорытындысы бойынша құрылыс қарқынын арттырып, мердігер ұйымдардың жұмыс кестесін сақтауын қадағалау тапсырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz