Франция астанасында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы медальдар кестесінде 1 алтын, 2 қола медальмен 7-ші орында келеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Ал 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алған Оңтүстік Корея спортшылары жалпы есепте көш басында тұр. Екінші орында — Австралия құрамасы. Олардың еншісінде 3 алтын, 2 күміс жүлде бар. Үздік үштікті әзірге 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен Қытай құрамасы түйіндеп тұр.
Жалпы бүгінге дейін Париж Олимпиадасының медаліне 19 мемлекеттің спортшылары қол жеткізіп үлгерді.
Айта кетейік, Париж қаласында алауы тұтанған XXXIII жазғы Олимпиада ойындарында жалпы 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Қазақстан спортшылары төрт жылдық додада спорттың 25 түрінен 92 жолдама жеңіп алған болатын.