Мектепте дәрігер жоқ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жаңа оқу жылы қарсаңында «AMANAT» партиясы  облыстық филиалының жұмыс тобы Жұмысшы кентіндегі №44-ші мектеп асханасына  мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жұмыс тобының өкілдері мектеп асханасына мониторинг жүргізу барысында балаларды тамақтандыруды ұйымдастырумен танысты. Бүгінде аталмыш білім ордасында  530 оқушы бар. Мектеп асханасы 80 орынға арналған. Бастауышта 204 бала оқиды. Барлығы тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Ал он жеті бала  жалпыға бірдей білім беру қорынан тамақтанады.

Кәсіпкер мен білім ордасы басшылығы арасында 2019 жылы  мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарты жасалған. Жеке кәсіпкер 2,7 миллион теңгеге асхананы жөндеп, тиісті жабдықтар сатып алған. Ал оқу жылы басталғанша  ас блогының қабырғалары дұрысталады.  Мұғалімдер мен ата-аналар тарапынан асхана жұмысына қатысты шағым тіркелмеген.

Мониторинг жүргізу барысында мектепте бейінді медицина маманының жоқтығы анықталды.  Ас мәзірін әзірлеуге жауапты маман тағамның калькуляциясын, құрамын, нәрлілігін есептеуі тиіс. Бұл мәселе бақылауға алынып, алдағы уақытта партиялық бақылау комитетінің отырысында қарастырылатынын айтып өткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz