2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ерікті қоныс аудару шеңберінде жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге 4 869 адам, оның ішінде 1 891 қандас және 2 978 қоныс аударушы көшіп келді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Барлық қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Осы жылдың соңына дейін 9483 адамды көшіру жоспарлануда.
— Қоныстандыру өңірлері бөлінісінде Павлодар облысына — 2 036 адам, Солтүстік Қазақстан облысына — 1 163 адам, Қостанай облысына — 540 адам, Шығыс Қазақстан облысына — 402 адам, Абай облысына — 362 адам, Ақмола облысына — 285 адам, Қарағанды облысына — 43 адам, Ұлытау облысына — 38 адам қоныс аударды.
Қоныстану аймақтарына көшкен қандастарымыз негізінен Өзбекстаннан — 631 адам, Моңғолиядан — 616 адам, ҚХР — 472 адам, Ресейден — 110 адам, басқа елдерден — 62 адам келген, — деп жазды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.
1 491 еңбекке қабілетті қоныс аударушы мен 944 қандастың 1 288-і жұмысқа орналастырылды, 111 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады, 1 адам бизнес ашу үшін грант алды.
Қоныс аударушылар мен қандастар денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, білім беру және өнеркәсіп салаларына жұмысқа орналасты.