Облыс тұрғыны қыстың қамын ойлап, отын дайындау барысында шынжырлы арамен аяғын кесіп алды. Науқас дереу ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 18 жастағы жігіт жедел жәрдеммен қалалық көпсалалы ауруханасының травматологиялық орталығына жеткізілді. Дәрігерлер алған жарақатына байланысты ота жасатуға кірісті.
– Сол жақ аяқ жілігінің бұлшықеттеріне зақым келді. Артериялық қан тамыры зақымданды. Ең алдымен бұлшықеттерден бөгде заттар алынып, тазартылды. Дәрігерлер жараларды тігіп, бұлшықеттерді, тамырларды қалпына келтіру үшін ота жасады. Осылайша, аяқтың қызметін сақтап қалды. Қазір науқас тұрақты күйде және ауруханада ем қабылдауда, — деді баспасөз қызметі.