Тимофей Скатов Португалиядағы турнирді сәтті бастады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазақстандық теннисшілер Тимофей Скатов пен Михаил Кукушкин Порту (Португалия) челленджер турнирінің 1/8 айналымына шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Әлемнің 189-ракеткасы Тимофей Скатов бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 489-орында тұрған португалиялық Фредерику Феррейра Силвамен өткізді.

Қазақстандық теннисші 1 сағат 41 минутқа созылған матчта қарсыласын 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Ол 5 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.

Әлемнің 134-ракеткасы Михаил Кукушкин рейтингіде 336-сатыдағы қытайлық Цзе Цуймен ойында камбэк жасай алды – 3:6, 6:2, 6:1. 2 сағат 6 минутқа созылған тартысты бәсекеде Кукушкин 1 эйс, 5 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.

Ширек финалға шығу үшін Т.Скатов әлемнің 249-ракеткасы, даниялық Аугуст Хольмгренмен, М.Кукушкин рейтингіде 224-орындағы бельгиялық Йорис Де Лоремен таласады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz