Дүниежүзілік көшпенділер ойынындарына жерлесіміз Сәния Әскер бақ сынайды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қыркүйектің 8-і мен 14-і күндері Астанда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Оған жүзден астам мемлекеттен 4 мыңға жуық спортшы қатысады деп жоспарланған. Қазіргі таңда бұл дүбірлі додаға бес асықтан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары да тыңғылықты дайындылып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Ұлттық құрама сапында бес асықтан ел намысын солтүстікқазақстандық Сәния Әскер қорғамақ. Жерлесіміз осы спорт түрімен 7 бойы айналысып келеді. Бүгіндері ол Дүниежүзілік көшпенділер ойынына сақадай сай.

– Екі апта бойы Щучинск қаласында еліміздің түкпір-түкпірінен келген мықты спортшылармен жаттықтым. Бес асықтан жарыс 13 тұрады. Қарсылас екеуіміз қарама-қарсы отырамыз, бізге 13 минут уақыт беріледі. Сол уақыттың ішінде кім 150 ұпай жинайды сол жеңіске жетеді.Жалпы 13 кезеңнің 12-сін ойнаймыз. Соңғы кезеңде бізде ұпай қағу болады. Бізде бір асық он ұпай береді. Қанша асық қағамыз сонша ұпай болады. Бағым жанады деген сенімдемін, — дейді Сәния Әскер.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz