Тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлердің шығыны өтеле бастады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлер өтемақы ала бастады. Комиссия жалпы сомасы 900 млн теңге болатын 41 өтінімді мақұлдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Республикалық бюджеттен алғашқы транш өңірге жетті. Бұл туралы шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындардың орнын толтыру жөніндегі өңірлік комиссияның мүшесі, СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Есжан Оразалин мәлімдеді.

СҚО-да су тасқыны салдарынан 140 кәсіпкер зардап шекті. Бұл аймақтық комиссияға зиянды өтеу туралы өтініш білдірген немесе өтініш білдіргісі келетіндердің саны. Комиссия жұмысы басталғаннан бері 10 отырыс өткен.

— Бүгінгі таңда біз 2 млрд теңгеден астам сомаға 99 өтінімді қарадық, оның ішінде 900 млн теңгеге жуық сомаға залалды өтеуге 41 өтінімді мақұлдадық. Қалғандарының құжаттары толық болмауына байланысты комиссия қайтарды. Сондай-ақ басқа комиссия шешім қабылдауы тиіс ауыл шаруашылығы субъектілерінен өтінімдер түсті. 23 шілдеде біздің өңір кәсіпкерлерден түскен тоғыз өтініш бойынша өтемақы төлеуге 90 млн теңге көлемінде алғашқы транш алды. Ақша зардап шеккендердің шоттарына аударылды, — деді Есжан Оразалин.

СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының айтуынша, өтемақы алу үшін тиісті құжаттарды комиссия қарауына толық өткізу керек. Тек содан кейін ғана республикалық бюджеттен қаражат бөлінбек.

— Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері өңірлік комиссияға әлі де жүгінбеген кәсіпкерлерге телефон соғып, тиісті ұсыныстар мен түсініктемелер берді. Кәсіпкерлерден өтініш беруді жеделдетуді сұраймыз, — дейді Есжан Оразалин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz