СҚО-да 486 адамды ит қапты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері өңірде ит қабудың 486 фактісі тіркелді. 270-інде үй жануарларының иесі анықталса, 218-інде адамдарға қаңғыбас иттер шабуыл жасаған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, адамдарды ит қабудың 172 дерегінде 18 жасқа дейінгі балалар зардап шеккен.

– 6 айдың ішінде облыста иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін 191 адам анықталды. Жалпы 213 мәрте әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл тағылды. Оның сомасы 5 млн. 307 мың теңгені құрады, – дейді СҚО ветеринария басқармасының баспасөз қызметі.

Мамандар қоғамдық орындарда үй жануарларын серуендету кезінде иттерге тұмылдырық кигізіп, қарғыбауды тағу қажеттігін ескертеді. Оның ұзындығы 2 метрден аспауы қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz