Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегінде жеңіліс тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
57 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз испаниялық Хосе Кулес Бротостан айласын асыра алмады.
Айта кетейік, осыған дейін Қамшыбек Қоңқабаев пен Асыланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жектерінде қарсыластарынан жеңіліп қалған болатын.
Сондай-ақ, осыған дейін ерлер арасында Нұрбек Оралбай, 51 келіде Сәкен Бибосынов, 63,5 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы ширек финалға шыққан болатын. Сонымен берге әйелер арасында Назым Қызайбай алғашқы жекпе-жегін сәтті бастаған еді.
Айта кетейік, бүгін Париж Олимпиадаcында қазақстандық спортшылар спорттың бес түрінен — триатлон, стенд ату, бокс, спорттық гимнастика және оқ атудан жарыс жолына шығуы тиіс.