Қазақстан жалпы медальдар кестесінде 3 саты төмен сырғыды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы бүгін жалпы медальдар кестесінде 3 саты төмен сырғып, 15-ші орынға жайғасты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Әзірге Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 қола медаль бар. Ал, жалпы медальдар саны бойынша Қытай құрамасы көш басына шықты. Олар 6 алтын жүлдесін 8-ге жеткізіп, бірден медаль кестесінде бірінші орынға көтерілді. Әзірге олар 8 алтын, 6 күміс, 2 қола медаль еншілеп тұр.

Екінші орынға 7 алтын, 4 күміс, 3 қола иеленген Аустралия көтерілді. Үздік үштікее Жапония құрамасы жайғасқан. Олардың еншісінде 7 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль бар.

Ал, Олимпиада ойындарының қабылдап жатқан франциялықтар 6 алтын, 9 күміс, 7 қола медальмен 4-орында келе жатыр.

Бүгін Париж Олимпиадасында 6 мемлекеттің қоржынына алғашқы жүлделері түсті. Осылайша медальға қол жеткізген елдер саны 40-қа жетті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz