Психолог мамандар жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің отбасы мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Кездесуге полицейлердің әйелдері, аналары мен әкелері шақырылды. Жиналғандардың алдында ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағы командирінің орынбасары Талғат Рүстемов сөз бастады. Ол жеке құрамның тәртібіне, олар орындайтын тапсырмаларға, ведомство басшылығы қызмет атқару үшін жасап жатқан жағдайға тоқталды. Сондай-ақ әдепсіз әрекеттерге, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарға мүлдем жол берілмейтінін айтты.
Отбасы мүшелеріне арнайы бөлініс полицейлерінің күнделікті жұмыс барысы туралы бейнеролик көрсетілді. «Рух» психологиялық орталығының директоры, ҚР аналар кеңесінің мүшесі Резеда Баймұхамбетова адамның психологиялық күйзелістерінің отбасына қалай әсер ететінін, отбасы ішінде қандай проблемалар туындайтынын және олардың нақты міндеттерді орындауға, қызметтегі тиімділіктің төмендеуіне алып келуі мүмкін екенін айтты.
Психологтың айтуынша, отбасылық құндылықтарды сақтауда әйелдердің алатын орны зор. Аталмыш бөліністің психологы Қайрат Базарбаев моральдық-психологиялық ахуал, қызметкерлер арасында жүргізіліп жатқан идеологиялық және тәрбие жұмысы жайлы айтты. Бұдан бөлек, полиция қызметкерлерінің құмар ойындарға қатысуына, букмеркерлік ұйымдарға және т.б. қатысуға тыйым салынғаны ескертілді.