«Қызылжар» футбол клубының қатарына жаңа ойыншы қосылды. Осы жолы жергілікті команда «Динамо Загреб» академиясының түлегі Андрия Дрльомен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Босниялық жартылай қорғаушы «МТК Будапешт», «Сзенторинк» және Зринь Мостарь клубтарында доп тепкен. Андрия Дрльоның ойнаған соңғы клубы — Боснияның «Железничары» еді.
Адрия Дрльо 2002 жылы дүниеге келген. Салмағы – 69 кг, бойы – 181 см, алаңдағы позициясы – жартылай қорғаушы.