Петропавл қаласының әкімдігі тасымалдаушыларға 300 миллион теңгеден астам ақша төлемеген

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Былтыр тиімсіз бағыттарға қызмет көрсеткен тасымалдаушылар қала әкімдігінен тиісті субсидияны ала алмағандықтан Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік палатасына шағымданды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«СҚО Автотранспорт одағы» қауымдастығының төрайымы Галина Семенованың айтуынша, 2020 жылғы 11 желтоқсанда областық мәслихаттың шешімімен әлеуметтік маңызды маршруттар бекітілген, олардың біразы Петропавл қаласында. Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 бабына сәйкес, егер бекітілген тариф жолаушы тасымалына кеткен шығынды өтемейтін болса, атқарушы билік тасымалдаушыларға субсидия төлеуге міндетті. Бірақ, жергілікті әкімдіктің қазіргі берешегі 307,3 миллион теңге.

-Субсидияны уақытында алмауынан тасымалдаушылар лизингке алған автобустардың несиесін уақытында қайтара алмаған, соның кесірінен несие берушілер айыппұл салып жатыр. Бұған қоса жанармай қымбаттады. Электронды билеттеу жүйесі де қосымша қиындық тудырып отыр. Белгіленген тариф тасымалдаушылардың жанармай мен көлікті жөндеуге жұмсалатын қаражатын, жүргізушілерге төлейтін жалақысы мен басқа да шығындарын өтеуге жетпей отыр,- деді облыстық кәсіпкерлік палатасының төрағасы Әлібек Ашметов.

Өңірлік кеңестің кеңейтілген отырысында кәсіпкерлік палатасы, тасымалдаушылар мен қалалық әкімдіктің өкілдері бірлесіп өзекті мәселелердің жол картасын әзірледі. Оның ішінде субсидия төлеу бойынша да сұрақтар енді. Ал, тасымаладушыларға демеуқаржының бір бөлігі 10 ақпан күні берілді. Сондай-ақ, жол картасы аясында кадр тапшылығын шешуге де баса назар аударылмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz