Қандастарға арналған орталық ашылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өңірімізде «Қандастар мен қоныс аударушыларға арналған ақпараттық-түсіндіру орталығы»  ашылды. Оның мақсаты –еңбек күші артық өңірлерден келуге ниеттенген  азаматтар мен қандастарға  ақпараттық-консультациялық көмек беру, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz

Солтүстікке көшіп келуге ниеттенгендер аталған орталықтың өкілдеріне хабарласып, қажетті ақпаратты біле алады. Орталықтың төрағасы Әнуар Тоқпанның айтуынша, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде мемлекет елдің оңтүстік өңірлері тұрғындарының солтүстікке ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдеседі.

   – Солтүстік аймақтарға көшу кезінде мемлекеттің қолдауын, материалдық көмекпен бірге қызметтік немесе жалға берілетін тұрғын үй, білім алуға, жұмысқа орналасуға және өз кәсібін ашуға мүмкіндік ашылады. Қай жерге көшіп баруға болатынын,  қандай жұмыс бар екенін білгісі келгендер біздің орталыққа хабарласады, – дейді Әнуар Тоқпан.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz