Петропавлдағы Солтүстік Қазақстан университетіндегі Аризона жоғары орнымен жүзеге асып жатқан қос дипломдық бағдараламаларға шетелдік жастар қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Биыл Петропавлдағы жоғары оқу орнында білім алу үшін Екатеринбургтен Егор Ерохин есімді азамат келді. Талапкер Қазақстан – АҚШ елдері жүзеге асырып жатқан бағдарлама жайлы естіп, өз таңдауын жасады.
– Мен Ресейде тұрамын. Петропавлда қос дипломды бағдарлама барын естіп, мүмкіндікті пайдаланып бағуға тырыстым. Болашақта ағылшын тілін еркін меңгеріп, АҚШ-та дәріс оқығым келеді. Қазақстанда болып, америкалық оқытушылардан тәлім аламын. Екі бірдей елдің дипломы алуға тырысамын. Мұндай ерекше бағдарлама Қазақстанда жүзеге асырып жатқанына қуаныштымын, — деді Егор Ерохин.