СҚО-да балық шаруашылығымен айналысатын үш жоба жүзеге аспақ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында биыл 62 су айдынын зерттеуге бюджеттен 19 млн теңге бөлінді. Мақсат – тауарлық балық өсіру шаруашылығын дамыту үшін қолданыстағы көлдердің санын арттыру, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бейбіт Исманов өңірлік коммуникациялар қызметінде өңірдегі балық шаруашылығының жай-күйі мен даму перспективалары туралы айтты.

СҚО-да балық шаруашылығына жарамды 589 көл бар. Оның 315-і қолданысқа берілсе, ал 274-і резервте тұр. 2021 жылдан бастап мемлекет балық шаруашылығын дамытуға бағыт алды, соның нәтижесінде өңірдегі балық өндірісінің көлемі 147% артқан. 2021 жылы өңірде 577 тонна балық өсірілсе, былтыр оның саны 1428 тоннаға жетті.

— Қазіргі уақытта балық шаруашылығы су айдындарының санын ұлғайту міндеті тұр. Биыл жергілікті бюджеттен 62 жаңа су айдынын зерттеуге 19 млн теңге бөлінді. Мұндай жұмыс былтыр да атқарылды. 16 млн 240 мың теңгеге 41 су айдыны тексеріліп, соның 40-ы балық шаруашылығын жүргізу үшін қолайлы деп танылды. Сондай-ақ, 10-ға жуық балық шаруашылығы су айдындарын кәсіпшілік балық аулау түрінен балық өсіру нысанына ауыстыру жоспарланған, — дейді Бейбіт Исманов.

Биыл облыста балық шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ асыл тұқымды балық шаруашылығын дамыту мақсатында 20 млн теңге субсидия бөлінді. Өтемақы балық түрлерінің дернәсілдерін және олардың будандарын сатып алуға беріледі. Бұдан бөлек кәсіпкер балық шаруашылығын дамытуға инвестиция құйған жағдайда шығыстың бір бөлігі өтеледі.

 — ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, СҚО 2030 жылға қарай балық өндірісін 10 мың тоннаға дейін жеткізуі тиіс. Қазір біздің облыста үш инвестициялық жоба бар. Солардың бірі келер жылы қолға алынатын Қызылжар ауданында салынып жатқан «Север Монтаж Автоматика» ЖШС бекіре балық өсіру кешені. Оның қуаты жылына 25 тонна. Мамлют ауданында 2025 жылға дейін қуаты 50 тоннаға жететін балықты өңдеу және консервілеу нысаны бой көтермек. Сондай-ақ осы ауданда «НПЦ РХ Петрофорель» ЖШС 2026 жылға дейін қуаттылығы жылына 20 тоннаға дейін жететін форель шаруашылығын ашпақ, — дейді басқарма басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz