Мал-құс санағы жүргізіледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Елімізде ендігі жылы ұлттық ауылшаруашылық санағын өткізу жоспарланған. Әдістемені тексеру мақсатында биыл елімізде тамыз айында  қанатқақты жоба іске қосылады. Облыста санақ Қызылжар ауданының Бескөл, Айыртау ауданының Сырымбет ауылында және Петропавл қаласында жүргізіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Қанатқақты жоба аясында малы-құсы бар заңды тұлғалар, шаруа қожалықтары, қалалық жерлердегі саяжай тұрғындары арасында санақ өткізіледі. Облыс орталығында 500-ге жуық жеке үй мен саяжай учаскесі іріктеліп алынды. Сауалнама барысында тұрғындар мал басының, ауыл шаруашылығына байланысты әртүрлі құрылыстар, техникалар сонымен қатар егіс алқабындағы дақылдар жайлы мәлімет беруі тиіс. Айта кеткен жөн,  оны құжат түрінде растау қажет емес.

–  2024 жылғы 20 тамыздан 30 қыркүйекке дейін арқылы барлық заңды тұлғалар, шаруа (фермер) қожалықтары және жеке меншік секторында тұратын немесе саяжай телімдері бар үй шаруашылықтары оn-line режимінде sanaq.gov.kz Web-порталы арқылы  сұрақтарға өз бетінше жауап бере алады. 2024 жылғы 20 тамыздан 3 қыркүйекке дейін интервьюерлер жеке сұрақ қою мақсатында, планшетті пайдаланып, жеке қосалқы шаруашылықтар мен саяжай телімдерін аралап шығады, – деді Ұлттық статистика бюросы облыстық департаменті басшысының орынбасары Марал Нұржауыпова.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz