3352 қала тұрғыны абаттандыру ережелерін бұзды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері полицейлер облыс орталығында абаттандыру ережелерін бұзудың 3352 фактісін анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшылар абаттандыру ережелерін бұзу фактілерін болдырмау мақсатында рейд ұйымдастырды. Іс-шара барысында полицейлер Кирпичный шағынауданындағы жеке секторды аралап, қалалықтарға қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша арнайы кәсіпорындар бар екенін еске салды. Сондай-ақ коммуналдық қызметтермен қалай келісімшарт жасасуға болатынын түсіндірді.

Бір жарым сағаттық рейдтің қорытындысы бойынша шағынаудан тұрғындары осындай шарттарды ресімдеуге 5 өтінім берді. Мамандардың айтуынша, барлық ниет білдірушілер «Коммунхоз» ЖШС-мен тікелей байланыса алады.

Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы кодексінің 505-бабына сәйкес қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғандарға ескерту жасалады немесе жеке тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделгендей, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде іс-әрекеттер қайталанса, жеке тұлғаларға 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz