Есіл ауданында жаңа үйлер беріліп, «Ақ бидай» ойындарының салтанатты ашылуы өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Есіл ауданының  тұрғындары қоныс тойын атап өтуде. Явленкада халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жаңа үйлер салынды. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов кезекте тұрғандарға Мария Иванова мен Галина Шаповалға жаңа үйлердің кілтін табыстап, қоныстоймен құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Күрделі жөндеуден кейін аудандық мәдениет үйінің ғимараты мен «Болашақ» саябағы да жаңартылды.

Бұл күннің басты оқиғасы – «Ақ бидай 2024» жазғы спартакиадасының ашылу салтанаты. Спорт мерекесі күрделі жөндеу көрген «Есіл» стадионында өтті. Жанында салынған жаңа спорткешенде де жарыстар өтеді.

453737507 122154269414054610 4140832350895637414 n

Өңір басшысы атлеттерді спорт мерекесінің ашылуымен құттықтап, бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Өңірде спортты дамытуға бар жағдай жасалуда. Петропавлда үстел теннисі орталығы ашылады. «Қарасай» стадионы қайта жаңғыртудың 2-ші  кезеңінен кейін УЕФА талаптарына сай болады.

Облыста 3 спорт кешені, жабық бассейн және 4 жабық хоккей корты салынуда.  Тағы 2 хоккей кешенін салу жоспарда бар. Бұл әрбір аудан орталығында спорт кешені, стадион және жабық хоккей корты бар спорт кластерін құруға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz