Нариман Құрбанов — Олимпиаданың күміс жүлдегері

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Отандасымыз ақтық сында 15.443 ұпай алды. Осылайша, Нариман елімізге спорттық гимнастикадан Олимпиаданың алғашқы медалін сыйлады.

нариман

— Спорттық гимнастикадан ұлттық құрама көшбасшысын Қазақстан қоржынына күміс жүлде салғанымен шын жүректен құттықтаймын! Лайықты түрде жеңіске жетті. Қазақстан құрамасы үшін өте қуаныштымын және осы жүлдеге сүбелі үлес қосқан барлық маманға, жаттықтырушыларға алғыс айтамын. Осы орайда Нариманның жоғары кәсібилігін ерекше атап өткім келеді. Спортшымызға жанкүйерлер үлкен сенім артты, одан медаль күтті. Ал Нариман Құрбанов жанкүйерлердің үмітін ақтап, Қазақстан қоржынына күміс жүлдені салды. Бұл медаль – осы күнге дейін төгілген тер мен еселі еңбектің өтеуі деп білемін. Қазақстандық спортшылар әлемдік аренада кәсіби шеберлігін көрсетіп жатыр деп мақтанышпен айта аламыз. Бұл – Олимпиададағы соңғы жүлдеміз емес екеніне, әлі де Көк туымыз көкте желбірейтініне сенімдімін. Барлығына алғыс айта отырып, Нариманды күміс жүлдесімен тағы бір мәрте құттықтаймын! — деді Туризм және спорт министрі.

Айта кетейік, Қазақстандық Нариман Курбанов жаттығуды ең бірінші болып орындап, 15.433 ұпай алды. Ол базалық қиындығы 6.7-ге тең жаттығуды сәтті орындап шықты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz