Қала жұртшылығымен тікелей эфирде байланысқа шыққан қала әкімі Серік Мұхамедиев биыл облыс орталығында жылы да жайлы 100 аялдама орнатылатынын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Биылғы жылға арналған қала бюджетінде бұл мақсатқа қаражат та қарастырылған.
– Биыл қала көшелерінде 100 жаңа аялдама орнатуды жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты бірнеше рет байқау өткіздік. Конкурстық рәсімдерде бірқатар қиындықтар бар. Жаңа аялдамалар шыныдан жасалмайды. Павильондар жылы әрі жабық болады. Оған қоса, аялдамаларды кәсіпкерлерге басқаруды ұсынып отырмын. Олар сол аялдамадарда коммерциялық жобаларын жүзеге асыра алады. Аталмыш жоба бойынша ережелерді қарастырып, бекітеміз, – деді қала әкімі.