Өткен демалыс күндері «Ақ бидай-2024» жазғы ойындары өтті. Жарыс жолына 13 ауданнан 1 мыңнан астам спортшы түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Ақ бидай» спартакиадасы осымен 28 жыл қатарынан ұйымдастырылды. Спортшылар футбол, волейбол, баскетбол, жеңіл атлетика, үстел теннисі, велосипед спортынан, еркін күрес, шахмат, дойбы, оқпен атудан, гір спортынан және ауыр атлетикадан бақтарын сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орыны Есіл, күміс жүлде Қызылжар ауданына жән қола медальдар Ғабит Мүсірепов ауданына бұйырды. Оларға ақшалай жүлде де қарастырылды. Осылайша,. 500, 300 және 200 мың теңгелік сертификаттар берілді.
Келер жылы «Ақ бидай» ойындары Уәлиханов ауданының орталығы Кішкенекөлде өтеді деп жоспарланған.