«Жасыл ел» еңбек жасақтары жұмысқа кірісті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста «Жасыл ел» бағдарламасына қатысушылар биыл бір ай ғана жұмыс істемек. Ниет білдірген жастарға еңбекақы төленеді және олар арнайы киім-кешекпен қамтылады. «Жасыл елдіктер» «Таза Қазақстан» акциясына да белсенді қатысып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«Жасыл ел» еңбек жасағы өңірде 1 тамыздан бастап іске кірісті. Ұйымдастырушыларға бөлінген квота – 860 орынды толтыруда қиындық тумаған. Жаз уақытында еңбек етіп, табыс тапқысы келетін жастардың қатары аз емес.

«Жасыл ел» бағдарламасына 14 пен 35 жас аралығындағы жастар қабылданады. Оған негізінен оқушылар мен студенттер қатысып жатыр. Еңбек жасақтарының міндеті –қоршаған ортаны қоқыстан тазарту. Бұдан бөлек көгалдандырумен, ағаш тұқымын жинап, дайындаумен, ормандарды тазартумен айналысады. Сол үшін еңбекақы төленеді, арнайы киім – костюм, футболка, кепка, кроссовкимен қамтылады. Жастар облыс бойынша саябақтарды тазартуға кірісіп кетті. «Жасыл ел» жобасына қатысушылар Жастар ресурстық орталығы және орман шаруашылықтары құрамында еңбек етеді. Дүйсенбі-жұма күндері аралығында еңбек етеді. «Таза Қазақстан» акциясына да қатысады», – дейді облыс бойынша «Болашақ» корпоративтік қор басшысының орынбасары Жанат Кәкімов.

Петропавлда «Жасыл елдіктер» қала тұрғындары, волонтерлер, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлермен қатар «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, қала көшелерін, жолдардың жиегін, көпқабатты үйлердің маңайын және қоғамдық орындарды қоқыстан тазартты. Жалпы бұл жолы іс-шараға 3 мыңнан астам адам қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz