Полицейлер тұрғындарға 130 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасында мемлекеттік қызметтердің дәстүрлі жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде полицейлер мен мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің өкілдері азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі және оларды электрондық форматта пайдалану туралы кеңес берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz

Бұл күні жәрмеңкеге келушілер қатары көп болды. Оларды негізінен адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарды ресімдеу тәртібі және шетел азаматтарын тіркеу мәселелері қызықтырып, тиісті мамандардан өздерін толғандырған барлық сауалдарға жауап алды.

– Көші-қон қызметі басқармасы мемлекеттік қызметтің 12 түрін көрсетеді. 2024 жылдың 7 айында тек «Мемлекеттік корпорация» арқылы 95 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 36244 қызмет түрі – Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар мен жеке куәліктер беру, 443 қызмет түрі – шетелде тұру үшін құжаттарды ресімдеу және 3031 қызмет түрі – ел аумағында уақытша болатын шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру жөнінде болды, – дейді көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермек Нұсұрбаев.

Жалпы, облыстық полиция департаментінің аумақтық бөлімшелері мемлекеттік қызметтің 33 түрін көрсетеді. 2024 жылдың 7 айында азаматтарға полицияның қатысуымен 130 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz