Петропавлда екі әйел саңырауқұлақтан уланды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда асқа саңырауқұлақты қолданған екі әйел қатты уланып, өлім аузынан қалды. Олардың біреуі әлі де жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екі оқиға да бір күнде болған, бірақ бір-біріне қатысы жоқ.

Жексенбі күні Петропавл қалалық көпбейінді ауруханаға саңырауқұлақ жеп, уланды деген диагнозбен 49 жастағы әйел түскен.

Өте ауыр жағдайда түскен қала тұрғыны бірден жансақтау бөліміне жатқызылып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Қазіргі кезде сырқаттың беті бері қарады. Өздігінен демалғанымен, жансақтау бөлімінен шығарылған жоқ.

Екінші әйел сол күні кешқұрым түскен. Оның да жасы 49-да. Петропавл тұрғыны терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жағдайы ауыр болғанымен, тұрақты.

Мамандар саңырауқұлақты асқа пайдаланғаннан кейін улану белгілері пайда болған жағдайда бірден дәрігердің көмегіне жүгінуге кеңес береді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz