Олимпиада: Қазақстан 29-шы орында келе жатыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы медальдар кестесінде 29-орында келеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Бүгінгі жалпы медальдар кестесі бойынша Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен 29-орынға жайғасты. Ал, жалпы медальдар саны бойынша АҚШ құрамасы көш басына шықты. Олардың еншісінде 19 алтын, 26 күміс, 26 қола медаль бар.

Ал екінші орында Қытай құрамасы келе жатыр. Олардың еншісінде де 19 алтын, 15 күміс, 11 қола медаль бар. Ал үздік үштікті 12 алтын, 14 күміс, 18 қола жүлдемен Олимпиада қожайындары Франция құрамасы түйіндеп тұр.

Бүгін Париж Олимпиадасында 1 мемлекеттің қоржынына алғашқы жүлделері түсті. Осылайша медаль алған елдер саны 61-ге жетті.

Естеріңізге сала кетсек, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысып жатыр. Олимпиадашылар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz