СҚО-да полицейлер оқу орындарының техникалық дайындығын пысықтады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да полицейлер оқу орындарының техникалық нығаюын ұйымдастыру жұмыстарын күшейтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

СҚО полиция департаментінде білім басқармасының басшылығымен және басқа да мүдделі органдармен жұмыс кездесуі барысында оқу орындарының техникалық нығаюы, жол инфрақұрылымы және кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы айтылды.

СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы Құрманғали Исмағұлов жауапты қызметтерге мектептердегі заманауи техникалық құралдардың әлеуетін барынша пайдалануды тапсырды. Ол үшін барлық деректерге ие болу қажет және мүмкін болатын өзгерістер мен жаңартуларды жүзеге асыруға дайын болу керек. Сондай-ақ терроризмге қарсы жалпы қорғау және лицензияланған күзеттің болу мәселесі көтерілді. Жалпы білім беру мекемелерінің маңында жол инфрақұрылымына мониторинг жүргізу және бар кемшіліктерді тамыз айының соңына дейін жедел жоюды ұйымдастыру тапсырылды.

Қалалық бейінді полиция бөлімшелерінің басшыларынан басқа жұмыс кездесуіне экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының, күзет қызметін бақылау бөлімінің, жергілікті полиция қызметінің және әкімшілік полицияның қызметкерлері, аудандық полиция бөлімдерінің басшылығы да қатысты. Кәмелетке толмағандардың қорғалуы барлық мемлекеттік органдардың, оның ішінде облыстық ПД басшылығының ерекше бақылауында. Жалпы міндет – мектеп жасына дейінгі балалардың, оқушылар мен студенттердің оқу жылы бойы және демалыста жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz