Енді есірткі өндірушілері өмір бойына бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінде есірткі өндіргені үшін жазаны өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатаңдататын заң жобасы қаралуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

ҚР ІІМ мәліметінше, Қазақстанда есірткі зертханалары санының өсуі байқалады. Осы жылдың жеті айында полиция тек синтетикалық есірткі өндіруді жолға қойған 24 жасырын есірткі зертханасын жойған. Тек Алматыда осындай 11 факт анықталды. Eкінші орынды Алматы облысы иеленді, онда полицейлер жеті заңсыз синтетикалық есірткі өндірісін жойды. Есірткі өндірушілерден 200 кг-нан астам «синтетика» және екі тоннадан астам прекурсор тәркіленді.

Соңғы екі аптада Алматыда екі есірткі зертханасы жойылды. Шілде айының соңында үш астаналық тұрғын ұсталды. Олар 800 мың теңгеге үй жалдап, онда мефедрон өндірісін ұйымдастырған. Барлық жабдықтар мен химиялық заттарға қашықтан тапсырыс берген. Күдіктілерден 20 кг дайын есірткі, 250 литр прекурсор мен химиялық жабдықтар тәркіленді.

Он күннен кейін полицейлер есірткі сақтады деген күдікпен 23 жастағы алматылық тұрғынды ұстады. Ол тұрған үйдің төбесін тінту кезінде тәркіленді:
  • мефедрон,
  • прекурсор,
  • тыныс алу маскасы,
  • есірткі синтезіне арналған жабдық.

Қаскөйдің «виртуалды» кураторлары дайын есірткінің килограмы үшін 1,5 млн теңге төлеуге уәде берген.

— Бүгінде есірткі өндірісінде қолданылатын химиялық жабдықтардың айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген,- деп нақтылады ведомство.

Сонымен қатар есірткіні таратқаны үшін жаза мерзімдерін қысқартып, оларды өндіргені үшін жауапкершілікті күшейту бойынша азаматтар құрған екі петиция қарауға алынды.

Оқи отырыңыз

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz