Президент тапсырмасына сәйкес, су тасқынынан зардап шеккендерге Петропавлдағы Бірлік шағынауданында 36 отбасы баспана берілді. Құтты қоныс иелеріне үй кілттерін қала әкімі табыстады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бүгіндері Бірлік шағынауданында су тасқынынан зардап шеккендерге үйлер тұрғызылып жатыр. Бұл жұмыстарға 1 жарым мың адам жұмылдырылған.
Кеше ғана қала әкімі Серік Мұхамедиев табиғи апаттың салдарын сезінген отбасыларға баспана кілттерін табыс етті.
– Су тасқынынан 2453 үй зардап шекті. Олардың 1694-і апаттық деп танылса, 759-ы жөнделіп жатыр. Қазіргі кезде 1130 баспана сүріліп, 125-і механикалық бригадалармен жөнделді, – делінген әкімдіктің ақпаратында.
Бірлік шағынауданында 3 мыңға жуық адам тұрады. Мұнда балабақшаның құрылысы жүргізіліп, «Жайлы мектеп» тұрғызылуда.