183
Биыл 1 қыркүйек жексенбі күнге түсіп тұр. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім күнінің демалысқа сәйкес келуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
— 1 қыркүйек дәстүрге сәйкес білім күні. Сондықтан биыл да жылдағыдай алғашқы қоңырау салтанатты шарасы өтеді, — деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, биыл жаңа оқу жылында 1,7 млн оқушыға тегін тамақ беріледі.