Солтүстікқазақстандық бишілер Малайзияның ашық чемпионатынан жүлдемен оралды. Жарыс спорттық биден өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Петропавлдық «S’avancer» хореографиялық би мектебінің өкілдері Ярослава Кузнецова мен Юрий Мирошниченко қоржынға 4 алтын және 1 қола медаль салды. Ал бұл сынға қатысқан Валерия Литвинова мен Максим Сенькиннің жұбы 6 алтын, 4 күміс және 1 қола жүлдені иемденді.
– Біз жарысқа ұзақ дайындалып, бар күшімізді салдық. Климат жағынан кішкене қиындықтар болды. Малайзия – өте ыстық ел. Мықтылармен шеберлік сынасып, жүлде еншілегеніміз – дайындықтың зая кетпегенінің белгісі. Жеңіске қол жеткіздік. Қуанышымызда шек жоқ, – дейді Валерия Литвинова.
Жалпы спорттық биден Малайзия ашық чемпионатында жерлестеріміз 16 медаль жеңіп алды.