Олимпиада: Ескекшілеріміз — ширек финалда

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық ескекшілер Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов іріктеу сайысында бақ сынады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Нақтырақ айтсақ, Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов екі адамдық каноэмен 500 метрге сынға түсті. Нәтижесінде отандастарымыз мәре сызығын 1 минут 45, 94 секунд көрсеткішімен бесінші болып кесті. Бұл сында алты жұп қатысқан болатын. Үздік нәтиже көрсеткен екі жұп жартылай финалға тікелей жолдама алды. Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов ширек финалда сынға түсу мүмкіндігіне ие болды.

Айта кетсек, осыған дейін Сергей Токио Олимпиадасында, ал Тимур Рио Олимпиадасында сынға түскен болатын. Бұл Париж Олимпиадасы екі спортшымыздың да екінші ойыны.

Естеріңізге сала кетейік, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді. Ойынға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz