Ақан сері атындағы облыстық филармонияның «Мәңгілік» би ансамблі Болгарияның София қаласында өткен XXVIII халықаралық фестивальге қатысты. Жерлестеріміз байқауда бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Байқау София қаласында шілденің 16-сы мен 20-сы күндері аралығында өтті. XXVIII халықаралық фестивальге Қазақстаннан бөлек, Боливия, Үндістан, Италия, Албания, Мексика, Молдова, Грузия және Солтүстік Македония елдерінің өнерпаздары қатысты. Бишілерді қазылар алқасы хореография, киім үлгісі, дуэт жұмысы және ұжымдық орындау сынды критерийлер бойынша бағалады. Нәтижесінде солтүстікқазақстандықтар өнер бәйгесінің бас жүлесіне ие болды.