Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі болып Рахат Смағұлов тағайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

ҚР Президенті әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен, СҚО әкімінің өкімімен Рахат Назымбекұлы Смағұлов Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Рахат Назымбекұлы Смағұлов — Ресейдің Омбы облысының тумасы. 1982 жылы Есілкөл ауданындағы Қасқат елді мекенінде дүниеге келген.

Омбы мемлекеттік аграрлық университетін «агрономия» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы туған ауылында — Қасқат селолық әкімшілігінде маман болып бастады.

2005-2015 жылдар аралығында облыстың ауыл шаруашылығы саласында жергілікті атқарушы билік органдарында түрлі қызметтер атқарды.

2015-2019 жылдары М. Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары болды.

Бүгінгі тағайындауға дейін Шал ақын ауданының әкімі болып қызмет атқарған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz