Қайрат Омаров Шал ақын ауданының әкімі болып тағайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен, СҚО әкімінің өкімімен Қайрат Қайроллаұлы Омаров Шал ақын ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Қайрат Қайроллаұлы 1979 жылы 15 наурызда бұрынғы Көкшетау облысы Володар ауданы Прекрасный ауылында туған. «Фемида» Қарағанды заң академиясының Көкшетау филиалын, Көкшетау экономика және менеджмент институтын экономика бакалавры, заңгер мамандықтары бойынша тамамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Айыртау ауданы Прекрасный орталау мектебiнде мұғалiм болып бастаған. 2004-2007 жылдар аралығында Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның әдiлет басқармасының жетекшi, бас маманы болып жұмыс iстедi. 2007-2008 жылдар аралығында Айыртау аудандық  әдiлет басқармасының бас маманы болып қызмет атқарды. 2008-2012 жылдар аралығында «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданы  бойынша бөлiмiнiң бастығы болды. 2012-2015 жылдары Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмiнiң экономика және ауыл шаруашылығы жөнiндегi орынбасары қызметiн атқарды. 2015 -2018 жылдары Солтүстiк Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болды. Осы тағайындауға дейін Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі қызметін атқарды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz