Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында бір күнде екі спортшымыз жүлдегер қатарынан көрінді. Грек-рим күресінен Демеу Жадыраев пен бокстан Нұрбек Оралбай күміс медальдарға қол жеткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының финалында белдескен Демеу Жадыраев жапониялық Нао Кусакадан жеңілді. Отандасымыз 77 келі салмақта қарсыласына 5:2 есебімен есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Ал бокстан 80 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз Нұрбек Оралбай финалда украиналық Александр Хижнякпен алтынға таласты. Аса тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен Хижняк жеңімпаз деп танылды.
Осылайша украиналық боксшы Париж Олимпиадасының чемпионы атанса, қазақ боксшысы Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер болды.