Гранттар саны көбейді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне 1150 талапкер грантқа түсті. Оның 500-і Аризона университетімен қос диплом бағдарламасына оқуға түскендердің еншісінде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан университеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл өткен жылмен салыстырғанда жоғары оқу орнына бөлінген гранттар саны 270-ке көп болып отыр. Қуантарлығы, талапкер қос дипломдық бағдарламаға қызығушылық танытуда.

– Биыл 136 адам су тасқынынан зардап шеккен аймақтар үшін берілген квота бойынша грантқа түсті. Қосымша «Қазақстан халқына» қорынан, «Freedom bank», «KAZENERGY» қауымдастығынан, СҚО әкімдігінен де гранттар бөлінеді деп күтілуде, – делінген хабарламада.

Биыл университ студенттеріне арналған 1200 орындық жатақхананың құрылысы жүргізіліп жатыр. Жақында 306 орындық жатақхана пайдалануға берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz