Биыл облыста Ұлттық бірыңғай тестілеуге мектеп түлектерінің 77,6 пайызы қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО білім басқармасының мәліметінше, биыл мектепті 3332 оқушы бітірді. Оның 77,6 пайызы жазғы уақытта ҰБТ тапсырды.
– Облыста ҰБТ тапсыруға арналған 2 орын бар. Оның бірі Петропавлда шоғырланса, екіншісі – Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда. Тестілеу мамырдың 27-сі мен шілденің 11-і күндері аралығында өтті. Өңір бойынша ең жоғары ұпайды Ақжар ауданына қарасты Жаңаауыл орта мектебінің түлегі Қали Хадесов жинады. Ол – 135 балл алды, — деді білім басқармасында.