СҚО-ға 5 кг-нан астам синтетикалық есірткі тәркіленді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар» шеңберінде балалар мен жасөспірімдерде есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған түсіндіру шараларын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

СҚО полицейлері Шал ақын ауданында «Кұлеке батыр» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің базасында жас спортшылармен кездесті. Балаларға тыйым салынған заттарды қолданудың зияны туралы айтып, есірткі айналымына байланысты кез келген ақпаратты ата-аналарына немесе полицейлерге «102» телефоны арқылы хабарлау керектігін еске салды.

Жыл басынан бері Шал ақын ауданында өсімдік тектес есірткіні жеке тұтыну мақсатында сақтаудың үш ғана фактісі тіркелген. Дегенмен, тәртіп сақшылары тұрғындар арасында жүйелі түрде алдын алу іс-шараларын жүргізіп, зиянды әсер ететін синтетикалық есірткілердің таралу қаупі туралы хабардар етеді.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев атап өткендей, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің жұмысында негізгі назар синтетикалық есірткіге қарсы күреске аударылады. Жыл басынан бері облыста 5 кг 611 грамм синтетикалық есірткі тәркіленген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 5 есе көп.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz