Жастардың қоғамдық жұмыстағы белсенділігін арттыру маңызды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста Халықаралық Жастар күнін мерекелеу аясында «Жастармен бірге!» онкүндігі өтіп жатыр. Негізгі іс-шаралар облыстың әр ауданын қамтымақ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Бүгіндері қала мен аудандардағы жастар ресурстық орталықтарының мұрындық болуымен 69 іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде Есіл, Жамбыл, Мағжан Жұмабаев және Шал ақын аудандарында «Jasyl Marathon-24» жобасын айтуға болады. Эко-турлар, саябақ аумақтарын, өзендер мен көлдердің жағалауларын тазарту, тарихи-мәдени нысандардың аумақтарын абаттандыру және тазарту жұмыстарын мысалға келтіруге болады. Бұдан бөлек, «Номофобия және оның алдын алу» дөңгелек үстелі, «Қайырымдылық» жастар шахмат турнирі және «Jastar-X» форматындағы жастармен мотивациялық кездесулер, аудандарда «Abai Day» әлеуметтік желілерінде жастар бейне-челлендждер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Халықаралық Жастар күні» аясында қалада және аудандарда «Enbek Fest’24» Бос орындар жәрмеңкесін өткізу, жастармен кездесулер мен жастардың облыс әкімімен кездесуі жоспарланған.

Петропавл қаласында 2024 жылдың 1 қаңтардағы статистикалық дерек бойынша 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны 56 942 адамды құрайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz